Жамбыл облысына Түркиядан гуманитарлық жүк жеткізілді

Тараз. 13 шілде. ҚазТАГ – Жамбыл облысына Түркиядан гуманитарлық жүк жеткізілді, деп хабарлады жексенбі күні өңір әкімінің баспасөз қызметінен.
«COVID-19 коронавирус пандемиясының таралуына қарсы күрес шаралары аясында Қазақстанда жұмыс істейтін бірқатар Түрік инвесторлары гуманитарлық көмектің жаңа партиясын жіберді. Атап айтсақ, «Tek-imas» компаниясы Жамбыл облысына бес оттегі концентраторын жіберді. Құрылғылар Тараз қаласындағы көпсалалы клиникалық аурухананың пульмонология бөліміне жеткізілді», - делінген жексенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, оттегі терапиясы кезінде қолданылатын оттегі концентраторлары коронавирустық инфекциямен және пневмониямен ауырып жатқан науқастарға уақытылы көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады.
«Сондай-ақ, "Orhun Medical" және "Yildiz Holding" Түрік инвесторлары пандемиямен күресте алдыңғы қатардағы жамбылдық медицина қызметкерлеріне 450 қорғаныс киімдерінің жиынтықтарын (қорғаныс жамылғылары, қолғаптар, маскалар, қалқандар және т.б.) жіберді. Гуманитарлық көмек партиясы өңірге келесі аптада жетеді», - делінген хабарда.
Баспасөз қызметі хабарлағандай, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау басқармасы қазіргі таңда қосымша төсек дайындап, дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтар сатып алуда.
«Бүгінде облыстың медициналық мекемелерінде 70 оттегі концентраторы бар. Бірер күн бұрын демеушілер есебінен қосымша 11, ал жергілікті бюджеттен тағы 4 оттегі концентраторы сатып алынды. Облыстың медициналық мекемелерінде барлығы 146 өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараты бар. Жақында жергілікті және республикалық бюджет есебінен сатып алынған 62 ӨЖЖ аппараты жеткізіледі деп күтілуде», - деді обл.әкімдігінен.

adimage