Жамбыл облысында 13 автокөлікті Т229,8 млн сатып алмақшы

Астана. 18 маусым. ҚазТАГ – Жамбыл облысында 13 автокөлікті Т229,8 млн сатып алмақшы, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ; атауы - автомобиль; қосымша сипаттамасы - санитарлық автокөлік сатып алу (техникалық ерекшелікке сәйкес); саны - 13; өлшем бірлік - дана; жоспарлы сома - Т229 821 428,46», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді алдын-ала қабылдау 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.

Фото көзі: ©Мадина Алимханова


adimage