Жамбыл облысында 4,1 балдық жер сілкінісі орын алды

Күні: 10:24, 03-07-2019.

Алматы. 3 шілде. ҚазТАГ - Жамбыл облысында 4,1 балдық жер сілкінісі орын алды, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 2019 жылғы 3 шілдеде Алматы уақытымен 1 сағат 15 минутта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматының солтүстік-батысынан 222 км жерде (Жамбыл облысы) Қазақстан аумағында орын алды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,8. Магнитудасы MPV 4,1», - делінген хабарда.
Жер сілкінісінің тереңдігі 15 км жерде орналасқан.


Жаңалықтармен бөлісу: