Жамбыл облысында алғаш рет үш пациентке кардиовертер-дефибрилляторлар имплантталды

Күні: 18:39, 12-11-2014.

Тараз. 12 қараша. ҚазТАГ – Жамбыл облысында алғаш рет үш пациентке кардиовертер-дефибрилляторларды имплантациялау отасы жасалды, деп хабарлады Zhambyl News ақпараттық агенттігі.
«Республика өңірлеріндегі жоғары мамандандырылған жәрдемді дамыту аясында Жамбыл облысының үш пациентіне алғаш рет науқас жүрегінің кенет тоқтап қалуына жол бермеуге мүмкіндік беруші заманауи құрылғыны импллантациялау отасы жүргізілді», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Мұнымен қатар осыған дейін ондай оталардың тек Алматы мен Астанада жүргізілгені атап көрсетілген.
«Қазақстанда бұл технологияны тек Алматы мен Астананың үздік емханалары ғана қолданады. Қазақстанда мұндай операцияның екінші мәрте жүргізіліп отырғанын атап өткен жөн, үш камералы дефибриллятордың қолданылуымен өткен алғашқы ота Астанада жүргізілген болатын. Оған дейін тек бір және екі камералы құрылғылар қолданылған», - делінген хабарда.
Хабарланғандай, бір кардиовертер-дефибриллятор мемлекетке Т3 млн-ға шығады. Бүгінгі таңда оны имплантациялау жүрек жетімсіздігі бар пациенттердің жүрек соғу ырғақсаздығының алдын алудағы жалғыз тиімді әдістеме болып табылады.
«Дефибриллятор – кардиоынтыландырмаға ұқсайтын құрылғы, тек функциялық мүмкіндіктері жағынан сәл күрделірек, жүрек ырғағын басқаруға арналған. Микрокомпьютер жүрек жұмысын органға жүргізілген жіңішке электродтардың көмегімен бақылап отырады, және де жүрек ырғағының бұзылуы кезінде оны қалпына келтіру үшін белгілер жібереді», - деп түсіндірілген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: