Жамбыл облысында алдағы екі күнде үсік және желдің күшеюі күтіледі

Астана. 12 қыркүйек. ҚазТАГ – Жамбыл облысында алдағы екі күнде үсік және желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«13, 14 қыркүйекте түнде Жамбыл облысында кей жерлерде 2 градус үсік күтіледі. 13 қыркүйекте тәулік бойы солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.  
Тараз қаласында 13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.


adimage