«Прокуратура Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты ҚК-нің 433-бабының 2-бөлігі бойынша ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмысты жасыру аудан аумағында болған 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арызды Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркемеу арқылы жүзеге асырылған. Жиналған дәлелдемелердің жиынтығымен күдіктінің іс-әрекеті ҚК-нің 433-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен сараланды (ауыр қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасыру). Күдікті полиция қызметкері ҚПК-нің 128-131-баптарына сәйкес ұсталып, оған қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген жұма күнгі хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Фото көзі: gov.kz