Жамбыл облысында автомобиль өткізу пунктін салуға Т10 млрд астам жұмсамақ

Астана. 6 қыркүйек. ҚазТАГ – Жамбыл облысында автомобиль өткізу пунктін салуға Т10 млрд астам қаражат жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ; атауы - тұрғын емес ғимараттарды / құрылыстарды/үй-жайларды қайта құру бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Жамбыл облысында «Бесағаш» автомобиль өткізу пунктін салу; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т10 014 097 544», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 6 қыркүйекте басталып, 17 қыркүйекке дейін жалғасады.

Фото көзі: egdsk.ru


adimage