Жамбыл облысында «Қазфосфат» ЖШС-нің Жаңатас кен орнында ереуіл басталды

   Тараз. 25 қараша.ҚазТАГ- Жамбыл облысында «Қазфосфат» ЖШС-нің Жаңатас кен орнында ереуіл басталды , деп хабарлайды El Media.
    «Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы фосфориттерді өндіру бойынша Жаңатас кен орнында ереуіл басталды. Кеншілер экономикалық талаптарды – жалақыны көтеруді алға тартты»,- деп хабарлайды басылым дереккөзге сілтеме жасап.
    Еске салайық, 23 қарашада Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлдары басқаратын «Қазфосфат» ЖШС зауытында Ресейден келген менеджерге қарсы наразылық туралы хабарланды. Алдын ала болжам бойынша, Ресейден келген менеджер жергілікті жұмысшыларды қорлайтын сөздерге жол беріп, ақыры наразылық тудырған.

adimage