«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер», мың теңге – ҚазТАГ): 2024 жыл - 1 122 791; 2025 жыл - 1 141 906; 2026 жыл - 1 179 650; 2027 жыл - 1 221 373; 2028 жыл - 1 224 672», - деп облыстың ішкі саясат басқармасының бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома – Т5 890 392 000.
Мақсаты - мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында электронды БАҚ-тардың ақпараттық қорларын қалыптастыру және пайдалану, ақпараттық нарықты және бәсекелестік ортаны құру, «Қазақстан Республикасы президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі өңірде мемлекеттік ақпараттық саясатты ілгерілету бойынша қызметін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау болып табылады.
«Міндеттер: аймақтық ақпараттық құралдардың қажеттілік деңгейін 75%-ға дейін көтеру. Этнос аралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындардың үлесін 84,5%-ға, аймақтық брифинг, пресс-конференциялар ұйымдастыру және өткізу, ақпараттық-талдамалық, болжамдық, қоғамдық-саяси және әлеуметтік жұмыстың тәжірибелік бағыты мен жүйелік сапасын арттыру», - деп жобада міндеттелген.
Фото көзі: gov.kz