Жамбыл облысында Орталық Азиядағы ірі жел электр станциясының құрылысы басталды

Алматы. 18 шілде. ҚазТАГ - Жамбыл облысында Орталық Азиядағы ірі жел электр станциясының (ЖЭС) құрылысы басталды, деп хабарлады Silkroadnews.
«Бұл Қазақстандағы және Орталық Азиядағы қуаты ең мықты -100мВ астам жел электр стансасы болмақ. Оны іске қосу 1 млн уй шаруашылығын электр энергиясымен қамтитын болады. Сонымен қатар жаңа нысанды іске қосу елдің оңтүстігіндегі энерготапшылығы жағдайын жеңілдетеді», - деп келтірген Жэньминь жибао Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеровтың жаңа нысан құрылысын бастаудың салтанатты рәсіміндегі сөзін.
Ол Қазақстанның болашақта «Бір белдеу, бір жол» құрылысына, екі жақты қатынасты дамытуға белсенді түрде қатысатынын атап өтіп, екі елдің энергетикалық қарым-қатынасының нәтижелі дамып жатқанына назар аудартты.
Өз кезегінде Алматыдағы ҚХР бас елшілігініің өкілі Мяо Хунбо соңғы екі жылда өндірістік қуат саласындағы Қытай-Қазақстан ынтымақтастығының жоғары жылдамдықты даму кезеңіне көшкенін айтты. Оның жарқын дәлелі – Жаңатаң жел электрстансасы құрылысының басталуы.
Басылым жазғандай, Жаңатас ЖЭС Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы аясындағы маңызды жобалардың бірі, инвестицияның жалпы көлемі $160 млн.
Аталмыш жоба аясында барлығы қуаты 2,5 мВт болатын 40 жел турбинасын салу жоспарлануда. Күтіліп отырғандай, ЖЭС пайдалануға берілгеннен кейін жыл сайын 350 млн кВт/сағ электр энергиясы өндірілетін болады.
Хабарда атап өтілгендей, бұл жобаны China Power International Holding Limited қытайлық корпорациясы инвестициялап, салып жатыр. Ол бірінші жел құрылғысын орнатуды аяқтады.

adimage