Жамбыл облысында полиция қызметкерін аяусыздықпен өлтіріп кеткен

Алматы. 10 шілде. ҚазТАГ – Жамбыл облысында жергілікті полиция қызметінің инспекторын аяусыздықпен өлтіріп кеткен, деп хабарлады «Экспресс-К».
«Жамбыл облысы Шу ауданында Қордай АПБ жергілікті полиция қызметінің инспекторы Бағдат Мамилеевтің күйіп қалған денесі табылды, жүрек тұсында пышақ жарақаты да болған. Күдіктіні іздеуге барлық күш құрылымы жұмылдырылды», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, белгісіз әйел телефон шалып, Жайсан ауылының шетінде (Шу қаласынан 15 ш. жерде) мәйітттің жатқанын айтқан.
«Оқиға орнына келген шұғыл-тергеу тобы өз әріптестерінің – Қордай АПБ ЖПҚ ұйымдастырушылық-талдау жұмыстары тобының инспекторы Бағдат Мамилеевтің өртенген мәйітінің үстінен түскен. Оған оның құжаттары дәлел болған: жеке куәлігі, қызметтік куәлігі, олар пакетте ұялы телефоны мен оның қуаттау құралымен бірге болған. Сонымен бірге пакетте азғантай ақшасы, джинсы шалбары, екі футболкасы, майкасы және ауыстартын киімі болған. Оның сол полиция қызметкері екеніне осыдан үш жыл бұрын ЖКО кезіндегі жарақаты да дәлел», - делінген хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, «заттары салынған» пакет мәйіттен он метрдей жерде жатқан, бұл қылмыстың «ұрлық та, төбелес те болмағанын білдіреді, себебі қымыскерді телефон да, ақша да қызықтырмаған».

adimage