Жамбыл облысында үш күнде 12 қару мен 100-ге жуық патрон тәркіленді

  Тараз. 2 желтоқсан. ҚазТАГ- Жамбыл облысында үш күнде 12 қару мен 100-ге жуық патрон тәркіленді, деп хабарлайды ішкі – істер министрлігінің ресми- интернет ресурсы.
  “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында жамбылдық полицейлер 12 бірлік қару мен 100-ге жуық түрлі калибрлі патрондарды тауып тәркіледі. Тәркіленген қарулардың ішінде екі ұсақ калибрлі ТОЗ -16 және ТОЗ-8 мылтықтары, ИЖ-56 Белка қос ұңғылы шолақ аңшы мылтығы, 2 шолақ және 7 тегіс ұңғылы мылтық бар»,-делінген хабарламада.
Қала шетіндегі аумақтан полиция қызметкерлерімен зауыттық нөмірлері механикалық жолмен өшірілген оқ-дәрісіз, калибрі 12 миллиметр МР-153 өздігінен оқталатын тегіс ұңғылы мылтық табылды. Сонымен қатар осы жылғы 29 қарашада Сарысу ауданының Ә.Бүркітбаев ауылынан 10 шақырым жердегі шаруа қожалығы аумағында орналасқан сарайдан 5,6 калибрлі ТОЗ-16 мылтық, калибрлі ИЖ-18Е бір оқпанды аңшы мылтығы, 19 патрон және 58 гильза табылып, тәркіленді.
   «Сол күні Жамбыл ауданының құмды аумағында орналасқан тағы бір шаруа қожалығында калибрі 16 миллиметр ИЖ-18 ЕМ бір ұңғылы аңшы мылтығы табылып, тәркіленді. Барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды»,- деп хабарлады полицейлер.
  Жыл басынан бері полицейлер барлығы 673 атыс қаруын, оның ішінде 131 автомат пен 232 тапанша тәркіледі.

adimage