Жамбыл облысында шетелдіктер атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сатқан деген күдікке ілінді

Күні: 18:46, 07-08-2019.

Астана. 7 тамыз. ҚазТАГ – Жамбыл облысында шетелдіктер атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сатқан деген күдікке ілінді, деп хабарлады Қазақстан ҰҚК баспасөз қызметінен.
«ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті атыс қаруы мен оқ-дәріні заңсыз сатумен айналысқан шетел азаматтарынан тұратын топтың заңға қайшы іс-әрекетінің жолын кесті. Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде ҚР ҰҚК 4 қызметінің 5 департаменті және ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаментімен бірлескен өзара іс-қимылда арнайы операция өткізіліп, оның барысында Алматы және Павлодар қалаларында «М» және «П» іс бойынша өтетін тұлғалар ұсталды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, заңсыз айналымнан 7 «Калашников» автоматы және 2 «Макаров» тапаншасы, сондай-ақ түрлі калибрлі оқ-дәрілер алынды..
«Ұсталғандар Тараз қаласына жеткізілді, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: