Жамбыл облысында тұман мен көктайғақ салдарынан 14 көлік соқтығысты

Күні: 14:40, 09-12-2019.

Алматы. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Жамбыл облысында тас жолдағы тұман мен көктайғақ салдарынан 14 көлік соқтығысты, деп хабарлады өңірдегі полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Бүгін шамамен 9.30-да Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолының 472 шақырымында Байзақ ауданы Ақшолақ ауылы маңында ауа райының қолайсыздығынан (тұман, көктайғақ) 14 көлік құралының қатысуымен ЖКО тіркелді», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, ЖКО салдарынан екі адам жеңіл жарақат алып, ауруханаға апарылды.


Жаңалықтармен бөлісу: