Жамбыл облысында тас жолдағы ЖКО салдарынан екі адам зардап шекті

Астана. 26 қараша. ҚазТАГ – Жамбыл облысында тас жолдағы ЖКО салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметінен.
«Алдын-ала ақпар бойынша 10 тонналық көлігімен ірі қара мал алып келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі жол бойында қалғып кетіп, қарсы жолда «КамАЗ» - ды сүйреп келе жатқан жүк тиегішке соққан. (…) Жүк көліктерінің қатысуымен орын алған ЖКО салдарынан екі адам зардап шегіп, олар екеуі де Тараздағы орталық аудандық ауруханасына жеткізілді», - деді сейсенбіде ұлттық компанияның баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.
Ол нақтылағандай, ЖКО 26 қарашада сағат шамамен 09.00-де Алматы-Ташкент-Термез жолында Жамбыл облысы Байзақов ауданы Ақшолақ елді-мекенінде орын алған.

adimage