Жамбыл облысындағы республикалық автожолын күрделі жөндеу бойынша бір лотқа Т6,2 млрд-қа жуық жұмсамақ

Астана. 14 ақпан. ҚазТАГ – Жамбыл облысындағы республикалық автожолын күрделі жөндеу бойынша бір лотқа Т6,2 млрд-қа жуық жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ; атауы - работы по капитальному ремонту автомобильной дороги («автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары», қазақ тіліндегі хабарландыруда лоттың атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - 546-557 км А-2 «Ташкентке-Шымкент-Тараз-Алматы-Қорғас» автожолын және ЖПП (ескі Куюк асуы) күрделі жөндеу. 549 км-де авариялық тұйық салу (жаңа Куюк асуы); саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т6 163 065 628,93», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 21 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтеді.

Фото көзі: gov.kz


adimage