Тараз. 5 қазан. ҚазТАГ - Жамбыл облысындағы шөлейтті аймақтан психиатриялық есепте тұрған әйел табылды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы.
«Әйел үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, жақындарымен байланысқа шықпаған. Ол 2011 жылдан бастап психикалық диспансер орталығында есепте тұрады. Хабарламадан соң Сарысу аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы шұғыл түрде дабыл бойынша көтеріліп, жоғалған әйелді іздеуге жұмылдырылды. Жоғалған әйел 5 күннен кейін жазық далада ауыр жағдайда табылды», - делінген хабарламада.
Қарындасының жоғалғаны туралы Саудакент тұрғыны, ағасы хабарлаған. Ол полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Табылған келіншек есін білгенмен, суық пен аштықтан әбден қажып, әлі құрыған. Сол жерде оған медициналық көмек көрсетілді. Іздеу жұмыстарына волонтерлер мен жергілікті тұрғындар, аудандық төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері де қосылды.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34