Алматы. 11 шілде. ҚазТАГ - Жамбыл облысында жаңа туылған сәбиді ұрлады деген күдікпен 22 жасар әйел ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде Тараздың полиция басқармасы (ПБ) жедел басқару орталығына (ЖБО) облыстық перинаталдық орталығынан жаңа туылған сәбиінің ұрланғандығы туралы жас келіншек хабарлаған. (...) Ауыр қылмыс екі сағат ішінде ашылды, бала анасына қайтарылды. Сәбиді ұрлаған деген күдікпен Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылының 22 жасар тұрғыны ұсталды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Полицияда нақтылfғандай, ұрланған сәби жақын маңдағы қонақ үйдің нөмерінің бірінен табылған
«ҚР ҚК 135 б.2б.1т, бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Соған сәйкес қылмыскер мүлкі тәркілене отырып, 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі таңда күдіктінің емшектегі баласының бары ескеріле отырып, бұлтартпас шарасы қарастырылуда», - делінген хабарда.
Жамбыл облысында жаңа туылған сәбиді ұрлады деген күдікпен 22 жасар әйел ұсталды
