Жамбыл облысының әкімдігі биржаға Т725,5 млн сомаға борыштық бағалы қағаздарын шығарады

Күні: 18:05, 05-11-2018.

Алматы. 5 қараша. ҚазТАГ – Жамбыл облысының әкімдігі биржаға Т725,5 млн сомаға борыштық бағалы қағаздарын шығарады, деп хабарлады Қазақстан қор биржасы   (KASE) сайтынан.
«2018 жылдың 06 қарашада Қазақстан қор биржасында(KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органының борыштық бағалы қағаздарын орналастыру бойынша төменде берілген шарттар бойынша (алматы уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. Номиналдық құны 1000 теңге; тіркелген шығарылым көлемі – Т725 582 000», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Айналыста болудың алғашқы және соңғы күндері 2018 жылдың 6 қарашасы мен 2020 жылдың 6 қарашасы. Купон мөлшерлемесі жылдық – 0,35%.  
Еске салсақ, 26 қыркүйекте ҚазТАГ ХАА хабарлағандай, 2018 жылдың соңына дейін Жамбыл облысының әкімдігі Т725,5 млн.-ға бағалы қағаздар шығаруы мүмкін.  Эмиссия мақсаты – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында баспана құрылысын қаржыландыру.  


Жаңалықтармен бөлісу: