Жамбыл облысының прокуроры тағайындалды

Күні: 18:25, 04-03-2019.

Астана. 4 наурыз. ҚазТАГ – Жарқын Құсаинов Жамбыл облысының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлады бас прокуратурадан.
«Мемлекет басшысының келісімі бойынша бас прокурордың ағымдағы жылдың 1 наурызындағы бұйрығы бойынша Жамбыл облысының прокуроры қызметіне әділет аға кеңесшісі Жарқын Қуанышұлы Құсаинов тағайындалды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Ақпаратта атап өтілгендей, Құсаиновтың басшылық қызметтерде жұмыс тәжірибесі бар. Бас прокуратураның департамент бөлімінің басшысы, Алматының Медеу ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.


Жаңалықтармен бөлісу: