Жамбыл облысының үш тұрғынының көлігінен марихуананың ірі көлемі табылды

Күні: 17:49, 11-08-2020.

Алматы. 11 тамыз. ҚазТАГ – Жамбыл облысының үш тұрғынының көлігінен марихуананың ірі көлемі табылды, деп хабарлады өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«5 тамызда «Қарасора» ЖПШ жүргізу барысында Қаратау қаласында  Volkswagen Passat көлігі тоқтатылған, ол көліктен Жамбыл облысы ПД ЕҚБ қызметкерлері салмағы 40 кг астам «кептірілген марихуана» есірткісін тапқан. Жүргізуші мен екі жолаушысы – Жамбыл облысының тұрғындары. Ұсталғандар растап түсінік берген, олар УҰИ-ге тоғытылды», - деді сейсенбіде Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұржан Қалметов.
ҚР ҚК 296 бабы 4 бөлімі (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу)бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.


Жаңалықтармен бөлісу: