Астана. 30 қаңтар. ҚазТАГ – Жамбыл және Түркістан облыстарында таулы аймақтардағы өзен суларының деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«30 қаңтар - 1 ақпан аралығында қаңтарда Жамбыл және Түркістанның таулы аймақтардағы өзен суларының деңгейі көтерілуі мүмкін», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Синоптиктер атап өткендей, бұл 30-31 қаңтар аралығындағы Жамбыл және Түркістан облыстарындағы қатты жауын-шашынның болуымен байланысты.
Жамбыл және Түркістан облыстарында таулы аймақтардағы өзен суларының деңгейі көтерілуі мүмкін
