Алматы. 27 маусым. ҚазТАГ - Жамбыл және Қызылорда облыстарының 50-ге жуық маманы Арысты зарарсыздандыруға кірісті, деп хабарлады Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметінен (ӨКҚ).
«Бүгін Арыстағы төтенше жағдайға байланысты қалада зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін Жамбыл және Қызылорда облыстарынан бір топ мамандар келді. Мамандар бірнеше күн бойы зарарсыздандыру жұмыстары аяқталғанша жұмыс жасайды. Жамбыл облыстық тауарлар мен қызмет қауіпсіздігі және сапасын бақылау департаментінің және басқа орталықтардан 30-ға жуық, Ұлттық сараптама орталығының Қызылорда облыстық филиалынан 17 маман келді, олар әріптестерімен бірге зарарсыздандыру жұмыстарына кірісіп кетті», - делінген бейсенбіде Түркістан облысы әкімдігі таратқан ӨКҚ хабарында.
Айта кетелік, барлық бригада қажетті техника және құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, 24 маусымда сағат 9.20-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Түркістан облысы Арыс қаласында №44856 әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жарылыс болғаны туралы хабар келіп түскен. Қорғаныс министрлігінде нақтылағандай, қоймадағы жарылысқа өрттің шығуы себеп болған. Қорғаныс министрлігінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп мәлімдеді, ал оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілген. Сонымен қатар Арысқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев келді.
Аталмыш дерек бойынша Шымкенттегі ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК 462б.1б. (қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық істі тіркеді. Жағдай ішкі істер органының бақылауында.
Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімдігінде әкімдік жанынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Түркістан» корпоративті әлеуметтік даму қорының құрылғанын айтты.
ҚР ІІМ ақпарынша, ТЖ салдарынан екі адам қаза тапқан, 165 адам зардап шеккен.
ІІМ ақпарынша, қаладан шамамен 41 мың халық эвакуацияланған, периметрі бойынша блокбекеттер қойылған, себебі үйлерге зақым келуде, сондай-ақ, жарылмаған снарядтар да бар, қалаға кіруге тыйым салынған, кіретін және шығатын көліктер тексерілуде.
Бұған дейін хабарланғандай, оқиға орнында тоғыз минасыздандыру тобы жұмыс жасап жатыр.
Сондай-ақ, құтқарушылар әскери бөлім аумағында жарылыстың тоқтағаны туралы мәлімдеді.
Бұл ретте ТЖК әлі де жарылыс қаупі сақталып отырғанын атап өтті. 26 маусымда Түркістан облысының әкімдігі әскерилердің Арыстың 16 көшесінен 70 жарылмаған снаряд жинағанын, әлі көбінің үйлерде жатқанын мәлімдеді.
Соңғы ақпар бойынша, медициналық көмекке 70 адам жүгінген, оның 45-і ауруханаға жатқызылған, үш адам қаза тапқан.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08