Жанар АЙТЖАНОВА, экономикалық даму және сауда министрі ҚАЗАҚСТАН ҮШІН БЭК ШЕҢБЕРІНДЕ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН РЕТТЕЙТІН КЕЛІСІМДЕРДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР

 

Астана. 7 желтоқсан. ҚазТАГ – ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысын 10 желтоқсанда Мәскеуде өткізу жоспарланған. Бұл кездесудің Қазақстан, Ресей және Белоруссияның интеграциялық үштігі үшін шешуші мәні бар. Кедендік одақ елдерінің президенттері – Нұрсұлтан Назарбаев, Дмитрий Медведев және Александр Лукашенко Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын қалыптастыратын құжаттар пакетіне қол қоюды жоспарлап отыр. Қазақстан үкіметі өз отырысында осы пакетке кіретін 17 келісімді қабылдады, отырыстан кейін экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова республикалық БАҚ журналистеріне сұхбат берді.

 

- Бүгін Бірыңғай экономикалық кеңістіктің (БЭК) құқықтық базасын қалыптастыратын 17 келісім қаралды, олар 4 топқа бөлінеді.

Біріншіден, бұл - келісілген экономикалық саясат жүргізуді қамтамасыз ететін және экономиканың жүйелік мәселелерін шешуге және үйлестіруге бағытталған келісімдер. Мысалы, келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу туралы, бәсекелестікті қорғаудың бірыңғай қағидалары туралы, табиғи монополияларды реттеудің бірыңғай қағидалары туралы, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық субсидияларын берудің бірыңғай қағидалары туралы келісімдер.

Екінші топ - капитал мен қызметтер қозғалысының еркіндігін қамтамасыз етуге бағытталған құжаттар кіреді: қызметтер және инвестициялар туралы, сондай-ақ, капиталдың еркін қозғалысы туралы келісімдер.

Үшінші топ біздің елдердің арасында жұмыс күшінің қозғалыс еркіндігін қамтамасыз етуге бағытталған, бұл – БЭК-ке мүше елдердің жұмыскер-мигранттарының құқықтары мен олардың отбасыларының мәртебесі туралы келісімдер.

Келісімдердің төртінші тобы  - Қазақстан үшін ең маңызды, бұл – БЭК елдерінің көлік инфрақұрылымына қатыстыны реттейтін келісімдер. Бұл - темір жол қызметтеріне қолжетімділікті реттеу, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығы қызметтерінің ережелері туралы және газ бойынша үшжақты келісімдер

 

- Қазақстандық жүк аттандырушы – экспорттаушылар үшін теміржол тарифі мәселесі аса сезімтал, өйткені олардың өнімдерін өткізу нарықтары айтарлықтай алыс орналасқан. БЭК келісімдерінде бұл туралы не айтылған?

 

- Егер сөз темір жол туралы болса, 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап бізде елдердің ішінде бағыттар бойынша бірыңғай әмбебаптандырылған тарифтер енгізіледі. Бүгінгі күні біздің елдердің бәрінде импорттық, экспорттық және ішкі бағыттарда түрлі тарифтер қолданылады. Осылайша импорт, экспорт біршама реттеледі, ал темір жол өндірістік қатынастардың экономикалық реттегіші ретінде шығып отыр. Ал қазір біз 1 қаңтарға дейін теміржол қызметтеріне тарифтерді әмбебаптандыратын боламыз, содан кейін үш елдің бәрі бір тарифті ғана қолданады. Үш бағытта да бір тариф болады.

 

- Бұл Кедендік одақ елдерінің ішінде және БЭК аумағында, солай ма? Ал Қазақстаннан Ресейге және ары қарай, үшінші елдерге экспортқа қатысты не болады?  

 

- 2013 жылдың 1қаңтарынан бастап қазақстандық жүк жөнелтушілер өз өнімдерін Ресей аумағына немесе оның аумағымен үшінші елдерге, мысалы, Еуропа бағытында экспорттағанда олар ішкі тарифтерді (Ресейдің - ҚазТАГ) қолдана алады. Ортақ ішкі тарифтерді. Яғни инфрақұрылымды  - темір жолды, мұнай құбырын пайдалану шарттары БЭК елдерінде қызмет ететін компанияларға қойылатын шарттармен бірдей болады.

Бұл біздің тауар өндірушілеріміз бен тараптардың (БЭК елдерінің - ҚазТАГ) тауар өндірушілері үшін мысалы, Ресей Федерациясында отандық өндірушілерге қатысты қолданылатын тарифтер қолжетімді болады дегенді білдіреді. Яғни, біз бұл жерде көліктік қызмет көрсету шарттары үш елдің компаниялары үшін бірдей болатын, қысым көрсетпейтін немесе ұлттық режим туралы айтып отырмыз.

Біздің экономика үшін мұның маңызы зор. Жылдан-жылға бұл мәселелер ведомствоаралық келісімдер арқылы немесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы келісімдер арқылы шешіліп келді. Экспортпен айналысатын қазақстандық компаниялар келесі жылы өнімнің экспортына немесе жүктердің транзитіне қандай тарифтер қолданылатыны туралы ақпараттан бейхабар болатын. Республикамыздың негізгі өткізу нарықтарынан алыс орналасқанына байланысты, көліктік құрамдас қазақстандық экспорттық өнімнің баға бойынша бәсекеге қабілеттілігі үшін үлкен мәнге ие.

 

- Қазақстандық терімжол тарифтері мысалы, Ресейлік тарифтерге теңестірілуі мүмкін бе?

 

 – Бұл жерде әңгіме тарифтерді теңестіру туралы болып отырған жоқ. Әр мемлекет теміржол тасымалына, соның ішінде жүк және жолаушылар тасымалына тарифтерді өзінің экономикалық жағдайларын ескере отырып белгілейді. Бірақ біздің тарифтер Ресей Федерациясының тарифтерімен теңестірілмейді. Екі елдегі тариф қалыптастыру әдестері әр түрлі. Мысалы, РФ да тарифке теміржолшылар ауруханаларды, мектептерді қамтуға жұмсайтын әлеуметтік шығындар кіреді. Бізде ондай жоқ.

 

- Жанар Сейдахметқызы, жұмыс күшінің еркін қозғалысы туралы келісім ҚР-дағы жергілікті жұмыскерлерді жалдау талабымен қалай үйлеседі?

 

- Жұмыс күшінің еркін қозғалысы туралы келісімге келсек, бізде экономиканың стратегиялық секторларында, соның ішінде, жер қойнауын пайдалану саласында преференциалды режим немесе жергілікті жұмыскерлерді жалдау үшін қазақстандық мазмұн деген нәрсе бар екенін білесіздер. Жалпы режимнен осындай алымдар туралы алдын ала айтылды. Яғни, режим сақталады.

Сондай-ақ, экономикалық дағдарыс айрықша жағдайларда тікелей мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстарға негізінен Қазақстан азаматтарын жалдау керектігін көрсетіп берді. 2009 жылы мемлекет «Жол картасы» бойынша жұмыс орындарын құру үшін қаржы бөлгенде осылай болды.

Біз үшін маңызды болып табылатын осындай жағдайларды аталған келісімде қарастырдық. Ал жалпы алғанда, Қазақстан, Ресей және Беларусь жұмыс күшінің экспорттаушылары болып табылмайды. Мысалы, қазіргі кезде РФ-да 8 мың қазақстандық еңбек етсе, біздің елімізде мыңнан аса ресейлік азамат жұмыс істеп жүр.

Сондықтан (БЭК аумағында - ҚазТАГ) рұқсат ету жүйесін, сан бойынша шектеулерді (шетелдік жұмыс күшіне қатысты жыл сайынғы квота - ҚазТАГ) қолданбай, жұмыс үшін мүмкіндіктер жасау сіз ортақ нарықта қазақстандықтар үшін де, БЭК-тің басқа елдерінің азаматтары үшін де жақсы мүмкіндіктер береді.


adimage