Жанат Элиманов қайтадан Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

Астана. 16 қыркүйек. ҚазТАГ- Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды»,- делінген хабарламада.

Элиманов 2021-2024 жылдары дәл осы қызметті атқарып, Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болған. 2024 жылғы ақпаннан бастап ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

«Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болған Дмитрий Малахов лауазымынан босатылды»,- делінген хабарламада.

Фото көзі: gov.kz


adimage