Жануарларды қорғау туралы заңда ұлттық спорт түрлерімен айналысуға тыйым салынбаған-экология министрлігі

   Астана. 27 қазан. ҚазТАГ-жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заң жануарларды пайдалана отырып ұлттық спорт түрлерімен айналысуға тыйым салуды көздемейді, деп хабарлады экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.
  "Заң жобасының негізгі мақсаты (жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы – ҚазТАГ) – бұл жануарларды қатыгездіктен қорғау және жануарларға жарақат, мертігу әкелетін ойын-сауық іс-шараларын өткізуге тыйым салу. Мысалы, бұл иттер күресі. Ал жануарлар қатысатын ұлттық спорт түрлеріне келетін болсақ, бұл ойындар жануарларға зиян келтірмейді, сондықтан ұлттық спорт ойындарын өткізуге тыйым салу қарастырылмаған. Бізде ұлттық спорт түрлері – бәйге, көкпар, ат жарысы бар. Заңда мұны екінші оқылымға дейін нақты жазу керек", - деді Брекешев сәрсенбіде мәжіліс отырысында.


adimage