Жаны жайсаң жан

Күні: 09:25, 27-05-2019.

Алматы. 27 мамыр. ҚазТАГ – Адамның бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтатын болсақ ЛА 155/13 мекемесінің бас есепшісі Жақыпова Салтанат Абылезқызының бойынан ізгіліктен басқа да адалдық, қызметіне деген ұқыптылық қасиеттері де қатар табылады. Салтанат 2006 жылдан бері қылмыстық атқару саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп белес-биіктерден өткен жігерлі адам, ұжымда құрметке ие.

Ол қай жағынан қарасаң да алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз сияқты, оны білетін, араласып жүрген жандар оның мол адамгершілік қасиеттерін айта алар еді.

Ол жәй ғана еңбекқор емес, әрі осының бәріне үйдің де, түздің де шаруасын қатар тындырып, үлгеріп жүрген жаны жайсаң жан.

Ортасына сыйлы. Адамның бақыты деген сірә осындай еңбекқорлықтан, содан алған абыройдан құралатын болса керек. Адамда арман көп, таусылмайды, оның да арманы көп болар, бірақ ол бақыттымын деп толық айта алады деп ойлаймын.

 

ЛА 155/13 мекемесінің тылмен қамтамасыз ету бөлімшесінің инспекторы

Бейсекенова Г. К.

Бастапқы фотосурет: mamstory.ru


Жаңалықтармен бөлісу: