Жапондық МӨЗ Иранға мұнай жөнелтуді уақытша тоқтатып тұр

Алматы. 20 қыркүйек. ҚазТАГ – Жапондық мұнай өңдеуші зауыттар (МӨЗ) АҚШ –тың жаңа санкциялар енгізуі алдында Ираннан мұнай тиеуді уақытша тоқтатып тұр, деп хабарлады  S&PGlobalPlatts.
«Жапондық МӨЗ АҚШ-тың жаңа санкциялар енгізуі алдында Ираннан мұнай тиеуді уақытша тоқтатып тұр. Бұл ретте МӨЗ ирандық мұнай  импорты мәселесін қозғамау мүмкіндігі туралы үкімет деңгейінде Вашингтонмен жүргізілген келіссөздерді мұқият бақылап отыр», - деп мәлімдеді Жапония мұнай қауымдастығы президенті Такаси Цукока бейсенбіде.
Бұл ретте ол мәлімдегендей, «компания жағдайға қарай мүмкін болатын түрлі нұсқаларға дайын болатындай ыңғайлы тәсілді қолданады».  
Еске салсақ, 21 мамырда АҚШ Иранға теңдессіз қысым көрсетуге ниетті, соның ішінде тарихта ең қатал санкция енгізу, егер Тегеран өзінің саяси бағытын өзгертпесе. Вашингтон ядролық сала, соның ішінде геосаяси салаға қатысты ирандық атом бағдарламасы бойынша жаңа келісім жасаудың 12 талабын ұсынды.

adimage