Алматы. 28 қыркүйек. ҚазТАГ - Жапонияда тайфун салдарынан 200-ге жуық әуе рейсі кейінге қалдырылды, деп хабарлады «Известия».
«Жапониялық аралдарға жақындап келе жатқан «Трами» тайфуны елдің оңтүстік бөлігін басқа өңірлермен байланыстырып тұрған 198 ішкі рейстің кейінге қалдырылуына себеп болды», - делінген NHK телеарнасына сілтеме жасалған жұмадағы хабарда.
Метеорологтардың айтуынша, «Трами» Тынық мұхиты бойымен жылжып келеді және Окинава оңтүстік жапондық префектурасының аумағына 29 қыркүйек күні таңда жетеді.
Жапонияда тайфун салдарынан 200-ге жуық әуе рейсі кейінге қалдырылды
