Жапониядағы тайфуннан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

Күні: 19:03, 01-10-2018.

Астана. 1 қазан. ҚазТАГ – Алтынай Күмісбек. Жапониядағы қатты тайфуннан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлады ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
«Жапонияда 30 қыркүйекте қатты тайфун болып, 2 адам мерт болып, 100-ден астамы түрлі жарақат алды. қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - деді А. Смадияров дүйсенбідегі брифингте.  
Еске салсақ, «Трами» тайфуны Жапонияға 30 қыркүйек күні тап келген болатын. Метеорологтар оны «төтенше қатты» деп бағалап отыр. Тайфун салдарынан 1 мыңнан астам әуерейстері тоқтатылып, Токио мен Осако арасындағы жүрдек пойыздардың қозғалысы уақытша шектелді.
Бұған дейін 2 адамның көз жұмғандығы және 127 адамның зардап шеккендігі айтылған еді.  
Сонымен қатар тағы 2 адам із-түссіз жоғалғандар қатарында.  


Жаңалықтармен бөлісу: