Астана. 15 тамыз. ҚазТАГ – Спортшылардың көбінен коронавирус инфекциясы анықталуына байланысты олардың Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі кейінге шегерілді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Өздеріңізге белгілі, президент кеше Париж Олимпиадасының жүлдегерлері мен бапкерлер құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрама мүшелерімен сол күні кездеседі деп жоспарланған болатын. Өкінішке қарай, атлеттер мен жаттықтырушылардың жартысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Сол себепті кездесу кейінге шегерілді. Спортшылар мен бапкерлердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз», - деп хабарлады ҚазТАГ редакциясына бейсенбі күні ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Ол мемлекет басшысының Олимпиада жүлдегерлерін міндетті түрде қабылдайтынын атап өтті. Кездесу тамыз айының соңында Ақордада өтеді деп жоспарлануда.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда бейсенбі күні жауын- шашынсыз ауа райы күтіледі
12 Қыркүйек 2024, 08:44 -
Интернет-қылмыстардың көпшілігі шетелден отырып жасалады- Бектенов
11 Қыркүйек 2024, 17:41 -
Қазақстан Мароккомен визасыз режим туралы келісім жобасын мақұлдады
11 Қыркүйек 2024, 17:26 -
Тоқаев жарлық шығарып, танымал қытайтанушы Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады
11 Қыркүйек 2024, 17:17