Жарты жылдың ішінде қазақстандық агроөнеркәсіптік кешен субъектілері «ҚазАгро» компаниясынан Т224 миллиардтан астам қаражат алды

Күні: 12:34, 16-09-2019.

Астана 16 қыркүйек. ҚазТАГ - Жарты жылда Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің (АӨК) субъектілері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі »(ҰМХ) АҚ-нан 224 миллиардтан астам қаражатты алды, деп хабарлайды ұлттық холдингтің баспасөз қызметі. Хабарда айтылғандай, қазақстандықтар ҚазАгро-ға көбінесе құсфабрикаларын, жылыжай мен сүт фермаларын қаржыландыру үшін жүгінген
Ауыл шаруашылығының негізгі драйвері - ҚазАгро холдингі арқылы қаржыландырылған жоғары технологиялық жобалар болып табылады, - деп ҚазАгро холдингінің баспасөз қызметі мәлімдейді.
«ҚазАгро» Басқарушы холдингі 2007 жылдан бері қосылған құны жоғары болатын жобаларды қаржыландырумен айналысады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық холдинг портфелінде жалпы құны 524 млрд теңгені құрайтын 702 жоба бар. Оның 600 жобасы табысты жұмыс істеуде, ал қалғандары іске қосылу сатысында.
2018 жылы Холдинг қаржыландырған инвестициялық жобалар арқылы 222 млрд теңгеге өнімдер шығарылды, сонымен қатар 19 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды.
«Инвестициялық жобалар жоғары еңбек өнімділігімен ерекшеленеді, олар 2,2 млн. теңгені құрайды. Бұл ортасалалық көрсеткіштен жоғары, себебі жалпы ауылшаруашылығында бұл көрсеткіш бір жұмыскерге 1,9 млн. теңгеден аспайды. Жоғары технологиялық жобалармен жұмыс істеу біз үшін өте маңызды. Экспорттық әлеуетті жақсартумен қатар жобалар мультипликативті әсерді де көбірек береді» - деп «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасы Ербол Қарашөкеев атап өтті.
Ағымдағы жылдың көрсеткіші бойынша Холдинг қаржыландырған 29 құс фабрикасы жылына миллиардқа жуық жұмыртқа, 165 мың тонна құс етін  береді. 61 сүт-тауарлы фермалары жылына 234 мың тонна сүт пен сүт өнімдерін өндіреді. 52 жылыжай жылына 75 мың тоннаға жуық көкөніс өнімдерін өсіреді.
Осы жылы ҚазАгро агроөнеркәсіп саласын қаржыландыру көлемі бойынша 2014 жылы қойған өзінің рекордын жаңалайды деп күтілуде. Сол кезде ҚазАгро 459,7 млрд теңгеге АӨК субъектілерін қаржыландырған. Ал сонымен қатар, 2019 жылдың 6 айының өзінде ақ қаржыландыру көрсеткіштері 224 млрд теңгеден асып түсті. Бұл өткен жылдың сол мерзіміндегі көрсеткіштен бір жарым есе көп.


Жаңалықтармен бөлісу: