Жарықтың болмауы салдарынан Алматы полициясы жол қозғалысын қолмен реттеп тұр

Алматы. 15 шілде. ҚазТАГ – Жарықтың болмауы салдарынан Алматы полициясы жол қозғалысын қолмен реттеп тұр, деп хабарлады Алматы полициясы департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Әкімшілік полицияның мамандандырылған батальонының жол-патрульдік полиция қызметкерлері Алматы қаласының барлық бұрылыстарын қолмен реттеуге көшті. Алдымен орталық магистральдар жабылды. Ары қарай экипаждар қаланың екінші дәрежелі көшелеріне қойылды», - деп хабарлады дүйсенбіде Алматы ПД-нен.
Баспасөз қызметінде нақтылағандай, жол қозғалысын қолмен реттеуге шамамен 400 полицей жұмылдырылған.
Соңғы ақпар бойынша, жоғары вольтты желіде апат орын алған. Қазіргі таңда қала мен Алматы облысында электр энергиясын беру қалпына келтірілуде.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, Алматы мен Алматы облысының бір бөлігі жарықсыз қалған болатын.

adimage