«Жас -қанат-2006» құс фабрикасындағы өрттен 5 мыңнан астам құс өлді

Күні: 18:23, 08-04-2019.

Алматы. 8 сәуір. ҚазТАГ – Рудныйдағы «Жас-канат-2006» ЖШС құс фабрикасындағы өрт салдарынан 5126 бас құс өлді, деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
«8 сәуірде сағат 05:11-де Рудный қ. мамандандырылған жасақ тетігіне «Жас-қанат-2006» ЖШС құс фабрикасының бөлек тұрған бірқабатты қаңқалы-металл ғимаратының өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер 05.25-те келіп жеткен. Өрт 07:00-де ауыздықталып, 07:05-те толық сөндірілді. Өрт салдарынан 5126 бас құс өлген. Материалды шығын көлемі анықталуда», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, өрт алаңы 110 ш. метр, оның ішінде 10 ш. метрі цех ғимараты және 100 ш.метрі ғимараттың шатыры.
«Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт шыққан жерде өрт сынақ зертханасы жұмыс жасап жатыр. Өрттің шығуының алдын-ала себебі – электр тоқтарының қысқа тұйықталуы», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: