Алматы. 10 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстандық шахматшылар Азия Чемпионатынан (Шри-Ланка Калутара қаласы) 18 медаль әкелді, деп хабарлады қазақстандық шахмат федерациясының баспасөз қызметінен.
«Қазақстандық шахматшылар Шри-Ланкада 18 жасқа дейінгілер арасында өткен Азия Чмпионатында 9 алтын, 3 күміс және 6 қола иеленген. Турнирге әлемнің 23 елінен 572 спортшы қатысқан», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, классикалық шахматта тоғыз турдан кейін алтын Димаш Төлендиевке, күміс Қызылордадан келген Назерке Нұрғалиге, қола атыраулық Зарина Нұрғалиеваға, шымкенттік Зейнеп Сұлтанбекке, оңтүстік астанамыздың тұрғыны Алуа Нұрманова мен Ксения Балабаеваға бұйырды.
«Рапид және блиц бойынша турнир қорытындысында қазақстандықтар 8 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленді. Классика бойынша турнирдегі барлық жүлдегерлер өз біліктіліктерін ФИДЕ шеберіне кандидат атағына дейін көтерді», - делінген хабарда.
Жас қазақстандық шахматшылар Шри-Ланкада өткен Азия чемпионатында 18 медаль иемденді
