Астана. 14 қараша. ҚазТАГ – Жасұлан Сәрсембай Қазақстанның мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша орындаушы болып тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бірінші департаменті Үшінші басқармасының аға инспекторы Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембайға жүктелді», - делінген сәрсенбіде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімінде.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы өз өкімімен Ардақ Әшімбекұлын Қазақстанның мемкүзет қвзметі бастығының орынбасары қызметінен босатты. ол мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.
Жасұлан Сәрсембай Қазақстанның мемкүзет басшысының орынбасары м.у.о. болып тағайындалды
