Жастарға арналған халықаралық бағдарламаның екінші жылының қорытындысы Impact Hub Almaty-да өтеді

Алматы. 24 қыркүйек. ҚазТАГ  – Жастарға арналған халықаралық бағдарламаның екінші жылының қорытындысы Impact Hub Almaty-да өтеді, деп хабарлады «Шеврон» компаниясының баспасөз қызметінен.
«Жастарға арналған халықаралық бағдарламаның екінші жылының қорытындысы Impact Hub Almaty алаңында өтеді. Social Impact Award (SIA) Kazakhstan – бұл Impact Hub Almaty-дың (IHA) «Шеврон» компаниясымен әріптестікте өткізіп отырған ортақ жұмысы, оның мақсаты – 18-30 жас аралығындағы жастардың әлеуметтік кәсіпкерлік бастамаларын қолдау», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Бағдарламаға қатысуға 90-нан астам өтінім келіп түскен, оның ішінде 17 жоба үш айлық инкубациялық бағдарламадан өту және менторлармен жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болды. Ары қарай 11 жоба өз жұмыстарының нәтижесі мен БҰҰ тұрақты дамуының 17 мақсаты аясындағы қоғамды дамытудағы өз үлестерін таныстырды. Атап айтсақ, олар әлсіз топтарды оқыту, жұмысқа орналастырудағы, экология, сондай-ақ қарттармен жұмыс жасаудағы жаңа тәсілдерін ортаға салды. Жобалардың бір бөлігі бағдарламаның инкубациялық кезеңі кезінде-ақ алғашқы кірістері мен клиенттер базасына ие бола отырып, қызметтерін бастап кетті.
«Төрт үздік жобаның авторлары жалпы сомасы Т2 млн. көлеміндегі грантқа және жобаларын ары қарай дамыту үшін менторлық қолдау түріндегі көмекке ие болды. Сондай-ақ, оларға Қазақстанды Киевтегі (Украина) 2019 жылдың 3-7 желтоқсаны аралығында өтетін жаһандық саммитте таныстыру мүмкіндігі туды», - деді баспасөз қызметінен.
Social Impact Award Еуропадағы әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша көлемді жастар бағдарламасы болып табылады, ол Қазақстанда 2018 жылы бастау алған. 2018 жылдың наурызынан 2019 жылдың қыркүйегі аралығында Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы университеттерде 300-ден астам жасқа 13 тегін воркшоп пен алты ақпараттық сессия өткізген. Жастар сонымен қатар 25 жастар командасының әлеуметтік-кәсіпкерлік жобаларын дамытуды қолдап, олардың жетеуіне ақшалай грант ұсынды. Impact Hub Almaty алаңы бағдарлама қатысушыларына тек білім жағынан және қаржылық қолдау ғана көрсетіп қоймайды, сондай-ақ нетворкинг-алаң да өткізеді, ол жерде жастар қоғамның маңызды әлеуметтік мәселелерін шешу жолында көп достар, клиенттер мен әріптестер тапты.
«Әлеуметтік кәсіпкерлік, өз жобасын жүргізу – бұл мен үшін жаңа тәжірибе, жаңа жауапкершілік, жаңа дағды. SIA Kazakhstan жас әлеуметтік кәсіпкерлерге қолдау жасауға басымдық береді және ол маңызды. SIA Kazakhstan жекелеген қатысушы мен достық қалыптағы қоғам үшін қолдау атмосферасын жасай білді, ол жерде сен акула арасында емес, пікірлестерің арасында боласың. Жеке мен өзім менторлармен керемет кездесу өткіздім, олар маған әлі күнге дейін тәжірибелік кеңестерімен ғана емес, моралдық тұрғыда да көмектесіп келеді. 5 қазанда менің кітабымның ағылшын тіліндегі нұсқасы Amazon алаңында жарық көреді, ал орыс және қазақ тілдеріндегі алғашқы кітабымның Қазақстандағы сатылымы 2019 жылдың 1 желтоқсанына жоспарланған», - деді SIA бағдарламасының қатысушысы және Mindful Generation жобасының негізін қалаушы Екатерина Ли.
«Мен SIA мен оның командасына шексіз ризамын: қысқа мерзімде мен жобалық менеджменттегі қабілетімді арттырдым, өзімнің әлеуметтік кәсіпкер ретіндегі әлеуетімді ашу мүмкіндігіне ие болдым! Үш айда мен United Qazaqstan брендін жасадым, Т250 мыңға заттар саттым, бес жалғызбасты анамен әріптестікке қол жеткіздім, олар үшін киім тігуді үйрету курстарын ұйымдастырдым, бірегей заттар түрін сегізге дейін көбейттім, цех аштым, Бішкектен материал және фурнитура жеткізу ісін жолға қойдым. Алайда ең бастысы - мен мықты команда жинадым, және айтқым келетіні бізге жасап жатқан ісіміз ұнайды!» - деп ағынан жарылды бағдарламаның осы жылғы қатысушысы және United Qazaqstan жобасының негізін қалаушы Бекнұр Рахманқұлов.
Қоғамдық дауыс беруге қатысқан 2019 жылғы қатысушылардың барлық жобалары келесі сілтемеде ұсынылған: https://kazakhstan.socialimpactaward.net
Әлеуметтік желідегі бағдарламаның аккаунттары:
Facebook – https://www.facebook.com/socialimpactaward/
Instagram – https://www.instagram.com/sia_kazakhstan/
Барлық сұрақтар бойынша SIA Kazakhstan жобалық үйлестірушісі Фарида Наурызбековамен хабарласа аласыз, [email protected], +7 708 298 8419.

adimage