Астана. 15 қазан. ҚазТАГ – Жасы 65-ке жеткен қазақстандық жүргізушілер әр 2 жылда медициналық тексерістен өтіп тұруы тиісті, деп мәлім етті ҚР ІІМ әкімшілік полициясы комитетінен.
«Жол қозғалысы туралы» заңның (қолданысқа 2014 жылғы 20 қазаннан енгізіледі) 29 б. 5 т. бойынша жасы 65-ке толған механикалық көлік жүргізушілері әр 2 жылда медициналық тексерістен өтіп тұруға міндетті», - делінген сәрсенбі күні таратылған хабарда.
Комитет баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина еске салғандай, қазір жүргізуші мерзімі аяқталуына байланысты куәлігін алмастырғанда барлық жүргізушілер медициналық куәландырудан өтулері тиісті. «Аталған заң енгізілген соң жасы 65-ке толмаған жүргізушілер үшін де осы талап қала береді».
Сондай-ақ заңмен жолаушылар мен қауіпті жүк тасымалдаумен айналысатын жүргізушілер үшін де әр 3 жылда, ал жасы 50-ге толғандар үшін жыл сайын медициналық тексерістен өтіп тұру қарастырылған.
Заңның 29 б. 9 т. сай дер кезінде қайталап медициналық тексерістен өтіп отыруды қадағалау жүргізуші куәліктерін бергенде немесе алмастырғанда, сондай-ақ куәлікті алып қойған соң оны қайтарып бергенде, автокөлікке жол қозғалысына қатысуға рұқсат бергенде, сондай-ақ жүргізушіні жұмысқа алғанда онымен еңбек қарым-қатынасын жасағанда жүргізіледі.
Механикалық автокөлік жүргізушілерін мезгілінен бұрын қайталап медициналық тексерістен өтуге міндеттей алатындар оны жұмысқа алып отырғандар, немесе құзыретті органдар, немесе денсаулық сақтау ұйымы болуы мүмкін.
Мас болып көлік айдағаны, немесе мас адамға көлігін бергені үшін, немесе мастығын анықтау үшін медициналық куәландырудан бас тартқаны үшін автокөлік жүргізу құқығынан айрылған тұлғалар жүргізуші құқығын қайта алу алдында, куәлігін алып қою мерзімі аяқталуына бір ай қалғаннан ерте емес аралықта қайталап медициналық тексерістен өтулері тиісті.
«Медициналық тексеру жүргізу денсаулық сақтау органдарының құзыретіне жатады. Медициналық тексерудің мақсаты - жүргізушіде медициналық тұрғыдан жарамаушылығы немесе жүргізушілікке қандай да шектеу қойылатынын анықтау болып табылады», - деп қорытындылады баспасөз хатшысы.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ конференциясына қатысу үшін Дубайға келді1 Желтоқсан 2023, 16:31
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, қар күтіледі1 Желтоқсан 2023, 14:47
-
Ұлттық қордан трансферттерге және «ҚазМұнайГаз» АҚ акцияларына $1,32 млрд жұмсалды1 Желтоқсан 2023, 12:50