«Жасыл» экономика қағидатымен жұмыс жасай отырып, шымкенттік су арнасы ресурстарды үнемдей алып отыр

Шымкент. 30 қараша. ҚазТАГ – «Жасыл» экономика қағидатымен жұмыс жасай отырып, шымкенттік су арнасы ресурстарды үнемдей алып отыр, деп есептейді «Шымкент-инновация» баспасөз қызметі.
«Жасыл» экономика қағидаты бойынша жұмыс жасай отырып, шымкенттік су арнасы ресурстарды үнемдей алып отыр. Кәсіпорынның электр тұтынуы мен су шығыны айтарлықтай төмендеген», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Шымкент пен қала шетін ауыз сумен қамтамасыз ететін «Су ресурстары маркетинг» ЖШС «жасыл» экономика ұстанымдарын жұмысқа 10 жыл бұрын ендіре бастапты.
«Егер 1998 жылы қала мен кәріз жүйесін сумен қамтумен қамтамасыз етуге жылына 70 млн киловатт жұмсайтын болсақ. Инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асырудың арқасында озық технологияларды ендіріп, енді жылына 5 млн киловатт тұтынамыз», - деді «Су ресурстары маркетинг» ЖШС бас директоры Анарбек Орман.

adimage