«Жайықмұнай" мен энергомині Шынарай кен орны бойынша қосымша келісім шартқа қол қойды

Алматы. 29 мамыр. ҚазТАГ – "Жайықмұнай" ЖШС мен ҚР энергетика министрлігі Шынарай мұнай газ конденсаты кен орнында көмірқышқыл шикізатына қосымша барлау жүргізуге, өңдеуге және бөлу шартына қосымшаға қол қойды, деп хабарлады Қазақстан қор биржасынан (KASE).
«2019 жылдың 27 мамырында "Жайықмұнай" ЖШС және Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігі (құзіретті орган) 31.10.1997ж № 81 Шынарай мұнай газ конденсаты кен орнында көмірқышқыл шикізатына қосымша барлау жүргізуге, өңдеуге және бөлу шартына № 16 қосымшаға қол қойды», - делінген сәрсенбіде таратылған компания құжатында.
Шынарай мұнай газ конденсаты кен орны Батыс Қазақстан облысында Оралдан 40 шақырым жерде орналасқан. Геологиялық барлау ақпарынша, кен орнының қоры 49 млрд текшеметр табиғи газды және 35 млн тонна мұнайды құрайды. «Жайықмұнай» кен орнының ресми операторы болып табылады.

adimage