«Тапсырыс беруші – «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі; атауы - балық ресурстарын және басқа да су жанауарларын шығару бойынша қызметтер; қосымша сипаттамасы - Атырау облысы шегіндегі Жайық өзенін бекіре тұқымдас балық шабақтарымен балықтандыру; саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т714 792 857,14», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 14 қараша мен 29 қараша аралығында өтеді.
«Атырау облысы шегіндегі Жайық өзенін бекіре тұқымдас балық шабақтарымен балықтандыру. Орташа салмағы қолдан өсімін молайту жөніндегі балық өсіру нормативтеріне (қортпа, бекіре, пілмай, сүйрік – 3 гр. кем емес; шоқыр –1,5 гр. кем емес) сәйкес 5 000 000 дана. Балықтандыруға жоспарланған бекіре тұқымдас балықтардың түрге жатуы Каспий бассейніне тән бекіре тұқымдас балықтардың (қорытпа, пілмай, орыс бекіресі, сүйрік және шоқыр) шабақтарын алу жоспарланып отырған тиісті аналық табынның (өндірушілердің) генетикалық талдау нәтижелерімен расталуы тиіс. Жіберілетін бекіре тұқымдас балықтардың шабақтары табиғи тіршілік ету ортасына (тоғандарда өсіру) бейімделуі болуы керек. Өсімін молайту мақсатында бекіре тұқымдас балық түрлерінің 900 данадан кем емес өндірушілерін күтіп ұстау», - деп қызметтердің техникалық ерекшелігінде жазылған.
Фото көзі: zhaikpress.kz