Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық күміс медаль иеленді

Алматы. 22 сәуір. ҚазТАГ – Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Элина Михина ел қоржынына күміс медаль салды, деп хабарлады Olympic.kz.
«Катар астанасы Дохада жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының шымылдығы түрілді. Алғашқы жарыс күнінде ел Элина Михина ел қоржынына күміс медаль салды. Біздің спортшы 400 метрге жарысудан жүлдеге ілікті. Ол аталған қашықтықты 53.18 секундта жүгіріп өткен», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей,бірінші орында бахрейндік Сальва Насер (51.34), үшіншы сатыда үндістандық Пувама Раджу Мачеттир (53.21) тұр.
«Михаил Литвин ерлер арасындағы финалдық бәсекеге жолдама алды. Жартылай финалда ол 400 метрді 45.38 секундта жүгіріп өтіп, Қазақстан рекордын орнатты», - делінген хабарда.

adimage