Жеңіл көлік Алматы-Қорғас ақылы тас жолындағы төлем жасау пунктінің артындағы бетон қоршауға соқты

Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Жеңіл көлік Алматы-Қорғас ақылы тас жолындағы төлем жасау пунктінің артындағы бетон қоршауға соқты, деп хабарлады «QazAvtoJol» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«30 жасар ер адам рөлін басқара алмай қалып, Алматы-Қорғас тас жолында төлем жасау пуктінің артындағы темір бетонға соққан. Абырой болғанда көлікте ол жалғыз болған, ешкім зардап шеккен жоқ, жүргізуші де аман», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Ұлттық компанияда хабарлағандай, полиция қызметкерлері жүргізушіні сот-медициналық куәландыруға жіберген, ал көлігін айыппұл тұрағына апарған.

adimage