Жеңіс Қасымбек Алтай Кульгиновтың орнына Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалды

Күні: 18:12, 08-12-2022.

   Астана.8 желтоқсан.ҚазТАГ- Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
   «Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалсын»,- делінген бейсенбі күнгі хабарламада.
Қасымбек 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарағанды облысының әкімі, оған дейін ақпан айында ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ал одан бұрын 2016 жылдың шілде айынан бастап Инвестициялар және даму министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып жұмыс істеді.


Жаңалықтармен бөлісу: