Жеңіс Қасымбек индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды

Күні: 18:49, 26-12-2018.

Астана. 26 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жеңіс Қасымбекті индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі етіп тағайындады, деп хабарлады Ақорда.
«Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі қызметінен босатылсын», - делінген мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарында.
Ж. Қасымбек 2016 жылдың маусымында инвестиция және даму министрі болып тағайындалған еді. Оған дейін ол инвестиция және даму министрінің бірінші орынбасары болды.


Жаңалықтармен бөлісу: