Жээнбеков ШЫҰ елдерінің медиафорумын ашты

Алматы. 24 мамыр. ҚазТАГ – Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің медиафорумын Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков ашты, деп хабарлады Қырғыз телеграф агенттігінен (ҚырТАГ).
«Сооронбай Жээнбеков ШЫҰ елдерінің медиафорумын ашты. Ол мемлекеттік «Ала-Арча» резиденциясында өтіп жатыр», - делінген жұмадағы хабарда.
Медиафорумға мемлекеттік орган басшылары, ШЫҰ хатшылығының өкілдері, жетекші БАҚ өкілдері, ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің, бақылаушы-елдер мен диалог жөніндегі әріптестердің медиа-сарапшылары қатысуда.
«Мен баршаңызды қонақжай қырғыз жерінде қарсы алып отырғаныма шын жүректен қуаныштымын! ШЫҰ-дағы Қырғыз Республикасының төрағалығы жылында біз БАҚ саласына жетекшілік ететін мемлекеттік орган басшыларын қабылдауымыз керек. Біз Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше-елдерінің медиа-ұйымдарының өкілдеріне, сондай-ақ ШЫҰ бақылаушы-елдер өкілдеріне қош келдіңіздер дейміз», - деді Жээнбеков.
Ол атап өткендей, баспасөз ұстанымына елдің жекелей ішкі ахуалы, елдер арасындағы қарым-қатынас та байланысты.
«Сіздерге белгілі, ШЫҰ басты міндеттерінің бірі – елдер мен ұлттар арасындағы сенім мен өзара құрмет атмосферасын жасау», - деп атап өтті ҚР президенті.
Ол атап өткендей, осы міндетті жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының атқарар рөлі зор.
«БАҚ ашық диалог құруға көмектеседі, біздің қоғамымыз арасындағы өзара түсіністікке ықпал етеді. Сөз әркез өткір қару болатын: сөз құртып та жібере алады, сөз қайта тұрғыза да алады. (…) БАҚ ШЫҰ мүше-елдері үшін жаңа ақпараттық күн тәртібін қалыптастырудың құралы бола алады», - деді Жээнбеков.
Президент форум қатысушыларын барынша шыншылдықпен және зор жауапкершілікпен ұлы миссияны атқарып шығуға шақырды.
Еске салсақ, 2019 жылы Қырғызстан ШЫҰ мен ҰҚШҰ –ға төрағалық етеді.


adimage