Жеке сот-медициналық сарапшылар Ағеділдің өлімінің бастапқы нұсқасын растады – прокуратура

Астана. 27 ақпан. ҚазТАГ - Жеке сот-медициналық сарапшылар саяси белсенді Дулат Ағеділдің өлімінің бастапқы нұсқасын растады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«26 ақпанда марқұм Ағеділдің отбасының адвокатының өтініші бойынша олар шақырған жеке сот-медициналық сарапшылар (А.Аханбеков пен Р.Сатывалдеев) мәйітті тексеруді жүргізді. Оның нәтижесі бойынша жұмылдырылған сарапшылар Ағеділдің жүрек-тамыр қызметінің жедел жетіспеушілігінен қайтқанын анықтады. Зорлық-зомбылық көрсетілгенін білдіретін қандай да бір дене жарақаттары анықталмаған. Сарапшылардан, сондай-ақ марқұмның ағасы мен адвокатынан ескерту және арыз жасалған жоқ. Сот сараптамасының қорытындысы зертхана зерттеуінің нәтижесі бойынша ұсынылатын болады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Ведомствода еске салғандай, 25 ақпанда Нұр-Сұлтандағы полиция департаменті Ағеділдің өлімі дерегі бойынша сотқа дейнігі тергеу амалдарын бастаған еді.
«Сол күні барлық жағдайды тексерудің объективтілігін қамту мақсатында қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының өндірісіне қабылданды.
Еске салсақ, саяси белсенді Дулат Ағеділ Нұр-Сұлтанда 25 ақпанда тергеу изоляторында қайтыс болды. Полиция ол мас болған-мыс және жүректен кетті деп санайды – ал бұл нұсқаны белсендінің жақтастары мен достары оның ешқашан ішімдік ішпейтінін және денсаулығында кінәраттың болмағанын айтып теріске шығаруда. Сондай-ақ, олар құқыққорғаушылардың айтқандарына қарамастан, Ағеділ оларға барудан бас тартқан жоқ, керісінше 25 ақпанда полицияға баруды жоспарлап отырған еді деді.
Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі өкілетті Эльвира Азимова жағдайға түсінік бере келе, Ағеділдің мас болғаны, болмағаны маңызды емес, маңыздысы оны ұстау барысында бұзушылықтың болған, болмағаны деп санайды.
Күндіз 25 ақпанда ондаған қарсылық білдірушілер Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік даңғылын жауып тастап, ІІМ басшылығының түсінік беруін талап етті. Азаматтар ашық сот-медициналық сараптамасын өткізуді талап етті. Күш құрылымдары белсенділерді полицейлік автобустарға күштеп отырғызып, белгісіз бағытта алып кеткен. Көшені жауып тастағандарды полицейлер «арандатушылар» деп атады. Кей ақпар бойынша шамамен 50 адам ұсталған, олардың біреуінің қолы сынған. Қазір ғаламторда Ағеділді ұстау кезіндегі видео тарап кетті – ұсталғандар азаматтық киім киген, беттерін жауып, өздерін таныстырудан бас тартты, саяси белсендінің қолына кісен салып, азаматтық нөмірі бар көлікпен алып кетті. Кейін белгілі болғандай, тергеу изоляторындағы бақылаушы Ағеділдің камерада бірнеше мәрте жүрегінің айнығанын білген. Белсенділер өздерінің жақтастарының өлімін тексеру жөнінде штаб құрды. Қазақстандық адам құқығы жөніндегі халықаралық бюро директоры Евгений Жовтис Ағеділдің денесін тәуелсіз сарапшы-дәрігерлер тексеруі қажет деп санайды.
Сондай-ақ, белгілі болғандай, Алматыда Ағеділдің тергеу изоляторындағы өліміне ашынғандар қала департаменті ғимаратының алдында саяси тұтқындарды босатуды талап етуде. Кейін белгілі болғандай, саяси белсенділер Дулат Ағеділдің өлімінен кейін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтың отставкаға кетуін талап етіп, митинг өтетінін хабарлаған.

adimage