Жексенбі күні Алматыда ҚазТАГ ХАА кеңсесінен мәліметтер базасы бар қымбат компьютер ұрланды

Алматы. 20 тамыз. ҚазТАГ – Жексенбі күні Алматыда ҚазТАГ ХАА кеңсесінен мәліметтер базасы бар қымбат компьютер ұрланды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ертеңгісін келсек, балконның есігі ашық, екі ноутбук жоқ, оның бірі ескі болатын, онымен мардытып жұмыс жасамайтынбыз да, ал екіншісінде – қымбатында барлық видеолар, барлық материалдар бар еді», - деді дүйсенбіде Silk Road мультимедиялық жобасының жетекшісі Шолпан Елеусізова.
ҚазТАГ ХАА редакциясы кеңсеге криминалистерді шақырды.
Қаскөйдің бірі болуы мүмкін күдіктіні көрші кеңсенің қызметкері байқап қалған, оның балконы агенттіктің балконына жалғасып тұрған еді.
«Бұл сағат 13.00 дейін болды (18 тамызда – ҚазТАГ ХАА). Мен көлігімді тұраққа қойып жатқам, қараймын балконда ер адам тұр. Ол есік жаққа қарап, бірдеме жасап жатты», - деді куәгер.
Ол оны ҚазТАГ ХАА қызметкері деп ойлаған.
«Оның қазақ екенін, басқа екенін айта алмаймын. Бірақ сақалы бар, әдеміше келген, аққұба, ұзын бойлы сәл арықтау», - деп суреттеп берді куәгер күдіктінің түр-келбетін.
Редакция қызметкерлерінің өздері кеңседен кетпес бұрын барлық есік-терезелерін жапқандарын біледі.
Ұрының мәліметтер сақталған аппаратураны ғана алғандары көңілге күмән ұялатады.
«Егер ол жәй ұры болса, ол бізді жақсылап тұрып тонап кеткен болар еді. Себебі бізде кеңседе бағасы жарты миллионнан астам болатын Ronin, қазір біз қолданып жүрген камера, үш штатив бар, бірақ ол тек екі ноутбукты ғана алған», - дейді Елеусізова.
Еске салсақ,бұл соңғы бірнеше аптадағы бірінші жағдай емес. Бұған дейін де ҚазТАГ ХАА қымбат техникасы ұрланған еді. 22 шілдеде Алматыда Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюросында аналардың ізіне түсуге қатысты баспасөз мәслихатында журналистерге шабуыл жасалды. ҚазТАГ ХАА қызметкерлерінен ашықтан-ашық аппаратурасы ұрланып, «Алматы» телеарнасы мен «Азаттық радиосының» камералары мүлдем сындырылды. Полиция шақыртылды, алайда олар бұзақыларға қатысты ешқандай шара қолданбады. Аталмыш жағдайдың қазақстандық қана емес, шетелдік БАҚ-та да жарияланғанына қарамастан қылмыскерлер әлі күнге дейін ұсталмаған, ал бұл шабуылды жетекші құқыққорғаушы ұйымдар айыптады.

adimage