Жексенбі күні Астанада қар жауады, Алматы мен Шымкентте күн бұлтты

Астана. 19 наурыз. ҚазТАГ – Жексенбі күні Астанада қар жауады, Алматы мен Шымкентте күн бұлтты, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада қар күтіледі, 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз және түнде –3-5.
Алматыда күн бұлтты, 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +5+7, түнде -2-4.
Шымкентте жауын-шашын болмайды, күн бұлтты. 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +18+20, түнде +4+6.

adimage