Жексенбі күні Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың тағы 15 жағдайы тіркелді

Астана. 6 сәуір. ҚазТАГ - Жексенбі күні Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың тағы 15 жағдайы тіркелді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 15 жағдайы тіркелді, оның ішінде Алматыда- 1, Ақтөбе облысында -1, Атырау облысында -6, Қарағанды облысында -1, Қызылорда облысында -6. Бүгінгі таңда елімізде 584 науқас тіркеліп отыр», - делінген жексенбідегі хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 464 жағдайы тіркеліп, 28-і жазылып, үш адам көз жұмған еді.

adimage